Инвестициялар

ЕҚДБ ШҚО-дағы алтын кенорны жобасына 140 млн доллар бөлді

ЕҚДБ Шығыс Қазақстан облысындағы Қызыл алтын кенорнын әзірлеуге «Полиметтал» ЖШС еншілес компаниясының «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнына» 140 млн доллар несие бөлді.
Нұр-Сұлтан22 Маусым , 11:09

«Мен бұл жобаға қол қойылғанына ризамын – бұл ЕҚДБ  Шығыс Қазақстан облысындағы  Қызыл алтын кенорнын  әзірлеуге   бөлінген  140 млн долллар. Бұл жоба өте маңызды. Ол шахтаның өзіне құйылған инвестиция. Бұл ЕҚДБ жаңа әдісі бойынша Қазақстанның энергетикалық секторындағы  тау кен өндірудің  екінші жобасы. Аталмыш әдіс аясында жастар мен әйелдердің білім алуы мен жұмысқа тұруы бойынша институционалдық мәселелерді шешетін боламыз», - деді  ЕҚДБ президенті Сума Чакрабарти.

«Полиметалл УК» АҚ президенті Игорь Финогенов  өз кезегінде  «Қызыл» және «Полиметалл»  жобасы бойынша  келісімге қолдың қойылуы  өте маңызды екенін айтты.

«Бүгінгі келісімге  қолдың қойылуы Еуропалық даму банкімен  жұмыстың бірінші кезеңінің аяқталғанын көрсетеді. Біз бұл жұмысқа қанағаттандық. Еуропалық даму банкімен  келісім орнатып, Қазақстан үшін маңызды жоба «Қызыл» жобасының  жүзеге асырылуына үлесімізді қосқанымыз үшін ризамыз. Бұл жоба  ірі әрі күрделі», - деді И. Финогенов.

ЕҚДБ қаржыландыратын жоба бойынша  таяу жатқан аудандардың тұрғындары жұмысқа орналасады.

Аталмыш нысан енгізілген соң  1000-ға жуық адам жұмыс істейді.  Ол  қосымша  400 жаңа жұмыс орнын ұсынады.

Айта кетейік, Қызыл – алтын кен орны бар әлемдік санаттағы  ірі кен орны.

Жоба толық қуаттылыққа шыққан соң  өндіріс көлемі жылына  300 мың унцийді құрайды. 

Айта кетейік,  ЕҚДБ Қазақстан экономикасының әр саласына  7,2 млрд еуро инвестиция салды. Банк жұмысы  тұрақты құрылыс пен инклюзивті және әртараптандырылған  экономикаға бағытталған.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика