ҚР ҚК 25 жыл

Қызылорда облысының полиция қызметкерлеріне автокөліктердің кілттері табысталды (ФОТО)

Қызылорда облысында Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай станционарлы полиция бекетінің ашылу салтанаты болды.
Қызылорда 22 Маусым, 12:17

ІІМ хабарлағандай, биылдың өзінде жергілікті бюджет есебінен Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметіне қаржы бөлініп, 69 бірлік автокөлік, стационарлық полиция бекетін орналастыру үшін модуль тәрізді үй-жай сатып алынды.

Жаңа полиция бекеті қазіргі заманға сай ерекше үлгіде салынған  (Ресей Федерациясының Самара қаласының тәжірибесі негізінде) және жобасы Жергілікті атқарушы және Прокуратура органдарымен бірлесіп әзірленген. Полицейлерге барлық жағдай жасалған, қажетті жабдықтармен, компьютер, бейнекамералармен және ІІМ-нің арнайы базасымен жабдықталған. Осыған ұқсас 13 бекет қаламыздың өзге да аумақтарында ашылмақ.  

Сондай-ақ, салтанатты шара барысында сап түзеген қызылордалық полицейлерге «Toyota Corolla» маркалы 69 автокөліктің кілті табыс етілді.

Автокөліктер жол-патрульдік полиция батальонына пайдалануға берілмек. Бұл аталған бөлініс қызметінің жеделдігін арттыруға және облыстағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге елеулі септігін тигізеді.

«Кез келген аймақтың даму деңгейі оның қоғамдық тәртібінің тұрақтылығымен және азаматтардың құқығын қамтамасыз етуімен анықталады.  Жергілікті әкімдік тарапынан бұл бағыттағы ел Президентінің тапсырмасы толықтай орындалып жатқандығын және органдардың мәртебесін арттыру бағытында біраз шаруа атқарылды. Бүгінгі көрсетілген қолдау олардың халық алдындағы міндеттерін еш кедергісіз, адал орындауларына оң әсерін тигізетініне сенімдімін», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.





Яндекс.Метрика