Парламент

Мәжіліс жарнама мәселелері жөніндегі түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Қазақстандағы Мәжіліс депутаттары сәрсенбіде пленарлық мәжіліс барысында жарнама мәселелері жөніндегі заңнамаға түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
Нұр-Сұлтан22 Маусым , 11:43

Ұлттық экономика министрлігі хабарлағандай,  заң жобасы, бұл ретте, жарнама саласындағы заңнама бұзылған кездегі әкімшілік жауапкершілікті белгілеп отыр.

 «Кейбір бірінші рет енгізіліп отырған әкімшілік жауапкершілік түрлерін атап айтқым келеді. Экономиканы долларсыздандыру бойынша жүргізіліп отырған саясатты ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында тауар сату кезінде оның бағасын ұлттық валютада көрсетпегені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді», - деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, жосықсыз, күмәнді, бейәдеп және жасырын жарнама бергені үшін, сондай-ақ, ұлттық аза тұту күндері          теле-,радиарналарда жарнама бергені үшін жауапкершілік белгіленіп отыр.

«Алкоголь мен темекіні жасырын жарнамалауға жол бермеу үшін, түрлі іс-шараларды өткізу түріндегі, оның ішінде алкогольдік өнімдерге, темекі және темекі бұйымдарына сұраныс пен қызығушылықты арттыруға бағытталған жүлделер, лоторея ойындарын жарнамалағаны үшін жауапкершілік енгізілді», - деді министр.

Ол кәсіпкерлердің қаржылық жүктемелерін ұлғайтуға жол бермеу мақсатында ӘҚК арқылы белгіленген жазалаулардың көлемі қайта қарастырылмағандығын атап өтті.           

Сонымен қатар, заң жобасы арқылы теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнамаларды тарату тетігі белгіленді.

«Біз контентті және әлеуметтік жарнаманы тарату тәртібін нақты реттеу қажеттігі пісіп-жетілгендігін түсінеміз. Сондықтан міндетті 15 теле-, радиоарналарда қайтарымсыз негізде орналастырылатын әлеуметтік жарнамалардың күн сайынғы көлемін белгілеу ұсынылып отыр», - деді Сүлейменов. әлеуметтік жарнамалардың күн сайынғы көлемін белгілеу ұсынылып отыр», - деді Сүлейменов.




Яндекс.Метрика