ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

«Балапан» бағдарламасы бойынша талас ауданында 19 балабақша жұмыс істейді

«Балапан» бағдарламасы бойынша талас ауданында 19 балабақша жұмыс істейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Талас ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Рахимжанов айтып өтті.
Жамбыл22 Маусым , 11:36

Аудан басшысы орынбасарының айтуынша, аудандық білім бөліміне қарасты 61 мекеме жұмыс істейді. Олардың ішінде 36 мектеп, 19 балабақша және мектептер жанынан 17 шағын орталық, 5 мектептен тыс мекеме, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті бар. 36 мектептегі 571 сыныпта 8612 оқушы білім алса, мектеп алды даярлық сыныптарында 1035 және балабақшаларда 1841 және мектеп жанындағы шағын орталықтарда 675 бала тәрбиеленуде.

«Елбасының алдыға қойған үлкен міндетінің бірі – электронды оқытуды дамыту. Бұл жобаға елімізде 600-ге жуық мектеп қосылса, 2012 жылы ауданымызда А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия, Ақкөл орта мектебі, Д.А.Қонаев атындағы орта мектептер қосылып, қажетті ақпараттар электрондық оқыту порталына енгізілуде», - деді ол.

Әкім орынбасары айтқандай,  қазіргі таңда арнайы жабдықталған 79 интерактивті, оның ішінде интерактивті оқыту бойынша – 39, электрондық оқыту бойынша – 3, физика, химия, биология, лингофонды-мультимедиялық – 37 кабинеттер бар.

2017 жылы әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 2065 оқушыны (23,9%) «Білім қоры» есебінен бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 105,315 млн.теңге қаралып, ағымдағы жылдың 5 айында 51,017 млн.теңгесі игерілді. «Балапан» бағдарламасы бойынша ауданда 19 балабақша, мектеп жанынан ашылған 17 шағын орталық жұмыс істейді. 6 балабақша Қаратау қаласында, 13-і ауылдық жерлерде орналасқан.

«Аудан бойынша 2-5 жас аралығындағы бала саны - 3368. 19 балабақшада 1841 бала, шағын орталықтарда 675 бала тәрбиеленуде. Балабақша кезегінде қала бойынша 360 бала тұр. Қазіргі таңда балабақша мен шағын орталықтарда барлығы 2516 бала қамтылған, - деп айтқан аудан басшысының орынбасары Қайрат Аманжолұлы журналистердің де сұрақтарына жауап берді», - деді ол.




Яндекс.Метрика