Басқару

Депутат әуежайдың атауын өзгерту туралы шешімге қатысты пікірін білдірді

Астана әуежайының «Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай» деп өзгеруі дұрыс шешім, себебі бұл мәселе бұрыннан талқыланып келді, деді Парламент Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов.
Нұр-Сұлтан22 Маусым , 09:57

«Қазақта «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дейді. Елбасы Үкіметке де және Астананың  қалыптасуына да зор еңбек етті. Бұл мәселе алдында Парламентте талқыланды, әртүрлі пікірлер болды. Кейін Декларация қабылдадық. Бұл қолдау өте дұрыс», - деді Тұрғын  Сыздықов  Strategy2050.kz.   АА берген сұхбатында.

Сондай-ақ,  депутат бұл өзгертуден ешқандай жамандықты іздеудің қажеті жоқ екенін айтты.

«Қазір  Астанаға  барлық өңірден жастар келіп өмір сүріп жатыр, ешкім   тілге, руға бөлінбейді. Барлығы бір үйдің балаларындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл тиімді саясаттың нәтижесі.  Елбасының саясатқа сіңірген еңбегі де өте зор. Сондықтан бұл еңбек елену керек. Көп жылдан бері аңсаған Тәуелсіздігіміз де қолымызда. Сондықтан да ерен еңбектің жемісі деп ойлаймын. Толық қолдаймын», - деді ол.

Айта кетейік, 20 маусымда Қазақстан Үкіметі  Астана әуежайына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы Қаулыны жариялады.

Ақбота Күзекбай  




Яндекс.Метрика