Өңірлер

СҚО-да Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі салымшыларының арасында мың пәтер үйлестіріледі

Қоғамдық кеңес мүшелірімен кездесу барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов тұрғын үй кезегін барынша қысқартуға мүмкіндік беретін әлеуметтік салада қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.
Солтүстік Қазақстан22 Маусым , 10:13

Атап өтер болсақ, осы салада аймақта тарихи оқиға болмақ — шамамен мың пәтер Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі салымшылары арасында үйлестіріледі.

«Ағымдағы жылы «Нұрлы жер» бағдармаласы аясында  жалпы ауданы117,3  мың шаршы метр болатын  16 тұрғын үйді (1446 пәтер) пайдалануға беру көзделген, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Ал, шілде айында Жәлел Қизатов көшесі мен «Береке» шағын ауданында тағы 2 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған», - деді Қ. Ақсақалов.

Сонымен қатар, солтүстікқазақстандықтар көптен күткен шаршы метрлеріне «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Солнечный ауылында жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу арқылы қол жеткізе алады. Үйлерді жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрған азаматтары Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі арқылы сатып ала алады.

Өңір әкімдігінен хабарлағандай, жаңа үйлер Петропавлмен қатар Айыртаудың Ғ.Мүсірепов, Есіл, Жамбыл аудандарында тұрғызылуда, онда 193 пәтер салынуда.

Сонымен, облыс орталығының көшпелі тобын үлкен жаңалықтар күтіп тұр.

«Жамбыл көшесі бойындағы 500-ден астам нысан сүріледі. Олардың орнына заманауи ғимараттар: тұрғын үйлер, әмбебап тенис орталығы, ІТ орталығы бар Оқушылар сарайы бой көтереді. «Жас Өркен» шағын ауданының жаппай құрылысы барысында 2045 пәтерге есептелген, жалпы ауданы 140 мың шаршы метр болатын  7 тұрғын үй кешені салынады», - деді аймақ басшысы өңірдің жоспары туралы. 




Яндекс.Метрика