Басқару

Астана әуежайына Елбасының есімін беру дұрыс шешім – Қ.Тоқаев

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық әуежайына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруге қатысты ойын білдірді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан21 Маусым , 17:43

Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Астана әуежайына беру  елорданың  20 жылдығы қарсаңында болып отыр. Мемлекет басшысының елорданы  көшіру    шешімі стратегиялық мағынаға ие болған еді. Екі онжылдық бұрын бұл шешімнің тереңдігін барлығы түсіне қоймап еді,  аталмыш жобаның сәттілігіне Президенттің кейбір замандастары да күмәнданды. Алайда,  көшбасшы   стратегиялық  тұрғыда нық шешім қабылдады.

Астана әлемдік брендке айналды. Біздің елордада  жаһандық саясатқа әсер ететін  халықаралық форумдар өткізіледі. Астанада  Президенттің тапсырмасы бойынша  әлемдік сәулетте кездеспейтін  бірегей нысандар бар.  Президент инфрақұрылым нысандарына ерекше көңіл аударады. Біріншіден, Астана мен барша елдің бейнесі болатын әуе айлағы.

Жақында қайта жөндеуден кейін біздің әуежай  елорда мәртебесіне сай жаңаланды.

Астана – жоғары технологиялы және инновациялық сәтті жоба, ЭКСПО-2017 көрмесі оның дәлелі болып отыр.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әлемдік тарихқа гүлденген мемлекет – Қазақстан Республикасының негізін қалаушы ретінде енді. Елбасыны шетелде  әлемдік деңгейдегі саясаткер ретінде ретінде  құрметтейді.

«Президенттің есімін Астана әуежайына беру шешімін дұрыс деп ойлаймын. Аталмыш акцияны қазақстандықтар мен шетелдіктер  қолдайды деп ойлаймын», - деді Сенат төрағасы. 




Яндекс.Метрика