Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

2013 жылы 240-тан астам қызмет көрсету мен рұқсаттама беру автоматтандырылды – ККМ

ҚР-да 2013 жылы 240-тан астам қызмет көрсету мен рұқсаттама беру автоматтандырылды, деп мәлімдеді Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев бүгін ОКҚ брифингінде.
Казахстан26 Желтоксан , 16:01

«Биыл мемлекеттік органдармен бірігіп «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында біз 241 қызмет көрсету мен рұқсат беруді автоматтандырдық. Нәтижесінде енді шамамен 40 млн көшірме мен тұпнұсқа қағаз құжаттарды алу үшін азаматтарға мемлекеттік органдар мен ХҚКО-на баруға мәжбүр болмайды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, шалғайдағы ауыл тұрғындарына қызмет көрсету бойынша мобильді ХҚКО жұмыстары жалғасуда. Олардың тарапынан бір жылда 800 мыңға жуық қызмет көрсетілді.

«Елімізде қазірдің өзінде автокөлік иелеріне қызмет көрсететін 4 арнайы ХҚКО және пилоттық режимде жұмыс істейтін Тараздағы арнайы ХҚКО ашылды», - деп нақтыланған хабарламада.

Министрдің айтуынша, электронды үкімет порталына тіркелген қолданушылар саны 4,5 есеге өскен. 2013 жылы 2 млн-нан астам қазақстандық электронды сандық рұқсат алынды. Электронды үкімет инфрақұрылымы арқылы 36,7 млн қызмет көрсетілді, сонымен қатар портал арқылы төленген салық, айыппұлдар сомасы 1 млрд теңгеден асқан.




Яндекс.Метрика