ҚР ҚК 25 жыл

Қарағандылық полицейлерге жаңа көліктердің кілті табыс етілді

Облыстық ішкі істер департаментінің басшысы, генерал Мергенбай Жаппаровқа Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жаңа көліктердің кілтін табыстады.
Нұр-Сұлтан21 Маусым , 18:16

«Бүгін біз қарағандылықтар атынан жаңа көліктердің кілтін табыс етеміз. Бұл - елбасының ішкі істер мекемелерін толық қажетті жабдықтармен қамту бойынша тасырмасын іске асырудың үлгісі. Биылғы жылы ішкі істер мекемелерін қамсыздандыру үшін рекордтық сома – 2,5 миллиардтан астам теңге бөлінді. Сіздерден тұрғындарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтау талап етіледі. Жергілікті атқарушы мекемелер сіздердің жұмыстарыңызды жақсарту үшін барлық жағдайды жасайды»,  – деді Ерлан Қошанов полиция қызметкерлеріне.

Қарағанды облысының әкімдігі хабарлағандай, 103 жаңа «Kia» және «ГАЗ» көліктерін сатып алуға 900 миллионға жуық теңге жұмсалған.

 




Яндекс.Метрика