Парламент

Мемлекет ТЖ-дан зардап шеккендерге қолдау көрсетеді– Қ.Тоқаев (ФОТО)

Парламент Сенатында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің ұйымдастыруымен өткен парламенттік тыңдау барысында азаматтық қорғаныс саласын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан21 Маусым , 20:14

2014 жылғы сәуір айында Парламент қабылдаған «Азаматтық қорғаныс туралы» заң төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл саласындағы алты заңнамалық актіні біріктіріп, бір жүйеге түсірді. Бұл – апаттарға қарсы іс-қимылдың болашақтағы ұзақ мерзімді жаңа тұжырымдамасын жасауға және іске асыруға мүмкіндік берді.

Қ.Тоқаев, апаттан зардап шеккен азаматтарымызды қиын жағдайда қалдырмауды қажеттігі жайында айта келіп,

«Мемлекет төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге қолдау көрсетуге міндетті және қолдау көрсететін де болады», - деді.

Сенат басшысы осы саладағы өзекті мәселелерге назар аударды. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайлардың алдын-алу шараларына, ал форс-мажор жағдайларында олардың салдарын жоюға қажетті қаражаттың қарастырылуын аса мұқият түрде нақтылап отыруы тиіс. Қажет болған кезде шұғыл түрде пайдалана алатын мүмкіндіктің болуы үшін мемлекеттің материалдық резервтегі ресурстарының атаулары мен тиімді логистикасын пысықтау қажет.

Қ.Тоқаевтың пікірінше, халықтың арасында төтенше жағдайлардан сақтандыру мәселелерін түсіндіру жөніндегі жұмыстар күшейтуді талап етеді. Сенат басшысы қазіргі кезде сақтандыру аса өткір мәселе екеніне тоқталды.

Апаттан келген шығынның орнын бюджет қаржысы толтыра алмайтыны белгілі.

«Осының салдарынан елімізде бірнеше рет қайғылы жағдайлардың орын алғаны да аян. Ағынсу құбырлары мен елді мекендердегі арық жүйелерін дамыту және су тасқынының алдын үшін, жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін күшейту мақсатында архитектуралық-қала құрылысына қатысты заңнамаға түзетулер енгізу керек», - деді жоғарғы Палатаның басшысы.

 




Яндекс.Метрика