EXPO-2017

Финляндия өзінің инновациялары туралы айтып берді (ВИДЕО)

Финляндия павильонының бас комиссары Севэри Кейнала Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне әкелген инновациялары туралы Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында айтып өтті.
Нұр-Сұлтан 21 Маусым, 17:29

- Финляндия әлемдегі ең тұрақты ел. Бұған қалай қол жеткіздіңіздер?

- Бұл сұраққа жауап беру қиын, меніңше,  бұл білім берумен, әйелдер мен еркектер арасындағы теңсіздік пен  мүмкіндікке,  демократияға  байланысты. Сондай-ақ, Үкіметте жемқорлықты болдырмау тәртіптерінің  бұзылмауы мен либералдық әдіс те рөл ойнайды.

- Финляндия мен Қазақстанның  қарым-қатынасы қандай? ЭКСПО-да таныстырылған жобалар бар ма?

- Әрине, бізде жобалар баршылық, әсіресе   бірге жұмыс істейтін компаниялар жетерлік. Үкіметтік деңгейде бізде  министрлік мен жұмыс топтары Қазақстан мен Финляндия арасындағы  қарым-қатынасты дамытып жатыр.

- Өз павильоныңыз туралы айтып өтсеңіз, фин елі ЭКСПО-ға қандай инновация жеткізді?

- Біз өзімізбен бірге Финляндияның  құндылығын жеткізіп, еліміз туралы қызықты  оқиғалармен бөліскіміз келді. Сіздер павильонға кіргенде бағытпен шектелмейсіз, қалаған бағытыңызды тандауыңызға болады. Таңдау еркіндігі бар. Бізде төрт тақырып таныстырылған: бірінші бөлікте «Таза энергия» саласы, екіншіде «Ақылды қалалар», үшіншіде  «Таза су» және төртіншіде «Сапалы білім».  Бұл төрт тақырып   Қазақстан мен Финляндияның ынтымақтасу  әлеуетіне ие.

- Финляндия бұл  инновацияларға толығымен көшті ме? Жасыл экономикаға көшу көрсеткіші неше пайызды құрайды?

- Екі мәселе бар, мәселен,  сіз суды кез келген құбырдан іше аласыз, бұл шалғайдағы автотұрақ та болуы мүмкін. Екінші мәселе – қалдықты өңдеу мен оны орналастыру. Тек  2-3 пайызы ғана орналасуға,  97-98  пайызы энергияға өңделеді.

- Қазақстан туралы пікіріңіз қандай? Қазақстан   Финляндияның дәрежесіне жетуі  үшін не істеуі керек деп ойлайсыз?

-Әрине, білім беру сапасын арттыру керек.  Инфрақұрылымға инвестиция құю керек.Егер қарым-қатынас дұрыс болса экология мен қоршаған ортаның дамуы да тұрақты болады.

-Жалпы, Қазақстан туралы не ойлайсыз? ЭКСПО туралы айтып берсеңіз. Қандай павильондар ерекше есіңізде қалды?

- Мен өткен жылдан бастап әр сайын бұл елге  келіп жүрмін. Алғаш рет  мұнда екі жыл бұрын  келдім. Адамдар қонақжай, өте мейірімді.  Ауа райы экстремалды десек те болады, қыста қатты суық, жазда ыстық. Финдіктер үшін бұл аздап қиындау, алайда адамдардың мейірімділігі оны ақтап алады. Өзге павильондарды  аралауға уақыт тапшы болды, келесі аптада оның орнын толтырамын деп ойлаймын.

- Көрме аяқталған соң, фин павильонының жағдай не болады?

-  Павильон бойынша әлі келіссөздер жүргізіп жатырмыз.  Ол Астанада қалуы да мүмкін. Оны жинап, өзге бір ауданға орналастыруға  болады, әлі талқылап жатырмыз.

- Сұхбатыңызға рақмет!

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика