Тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік принципін енгізу

2014 жылы Астанада полиция көмекшілерінің студенттік отрядтары құрылады

2014 жылы Астана қаласының барлық оқу орындарында полиция көмекшілерінің студенттік отрядтары құрылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы26 Желтоксан , 17:00

«Келесі жылдан бастап жас көмекшілер студенттік қалашықтар, жатақханалар, оқу орындарының ғимараты, қала көшелері мен тұратын орындары бойынша тәртіп сақтауды бақылайтын болады. Студенттік отрядтардың жұмысы оқу барысына кедергі жасамайды», - делінген хабарламада.

«Қазіргі уақытта отрядтардың жұмысы жөніндегі барлық нормативтік құжаттама әзірленіп, бекітілді, өз кезегінде, барлық күштер құқық бұзушылықтың жолын кесуге бағытталады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгінгі таңда жергілікті оқу орындарының жартысында еріктілердің «Полиция көмекшілерінің студенттік отрядтары» құрылған. 




Яндекс.Метрика