Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту

Әскери балуандар боз кілемнің шаңын қақты

Наурыз мейрамын мерекелеу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттап, қолдау мақсатында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілері арасында «Қазақша күрестен» жарыс өткізілді.
Шығыс Қазақстан24 Наурыз , 00:00

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірлік әскерлері қолбасшысының кубогі үшін Семей, Аягөз, Өскемен, және үшарал гарнизондарының әскери қызметшілері бел сынасты. Жарыс «Қазақша күрес» Халықаралық федерациясының ережелері бойынша 54 пен 90 келі арасындағы алты салмақ дәрежесінде өткізілді.

Бәсеке қорытындысы бойынша командалық есептегі бірінші орынды Семей гарнизонындағы артиллериялық бөлімнің әскери қызметшілері иеленді. Екінші орынды Аягөзден келген балуандар қанжығаға байласа, үшінші орын Семейдегі инженерлік-саперлік бөлімнің әскери қызметшілеріне бұйырды.

Жарыстың түйе балуан атағын Семей гарнизонындағы артиллериялық бөлімде келісімшарт бойынша қызмет атқаратын сержант Асқар Жотабаев жеңіп алды.




Яндекс.Метрика