Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ККМ жыл сайын 5 жүрдек бағыт маршрутын іске қосады - А. Жұмағалиев

ҚР-да жыл сайын 5 жедел бағыт маршрутын ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.
Казахстан26 Желтоксан , 15:33

«Ағымдағы жылы біз 3 жүрдек поезды іске қостық. Келер жылы тағы 3 бағыт: Астана – «Защита» бекеті, Алматы – «Защита» бекеті, Алматы – Ташкент, Астана- Қызылорда, Алматы –Ақтөбе бағыттары бойынша», - деп министр хабарлады.

Сондай-ақ, ҚР-да жыл сайын 5 жүрдек бағытты ашып отырады.

ККМ басшысы вокзал мекемелерін жаңғырту сұрағын да тілге тиек етті. Теміржол тасымалдауында кешенді жөндеу 80 вокзалда жүзеге асты. 6 бағыт жіберілді, олардың жартысы жүрдек.

Мәселен, Алматыдан Атырауға 19 сағат ішінде жетуге болады, ол бұрын 32 сағатқа созылатын болады. Астанадан Атырауға 49 сағаттың орнына 30 болса, Астанадан Семейге 18 сағаттың орнына 13 сағат жұмсалады. 




Яндекс.Метрика