Өңірлер

Астанадағы жәрмеңкеде 966 тоннаға жуық өнім сатылады

24-25 маусым күндері кезекті ауылшаруашылық тауарөндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді. Бұл жолы Астанаға Атырау, Қостанай, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының керуені жетеді, деп хабарлады қала әкімдігі.
Нұр-Сұлтан22 Маусым , 09:11

Елорда тұрғындары мен қонақтары «Қазақстан» спорт кешенінің көлік қоятын аумағында кең ауқымдағы өнімдерді сатып ала алады.

Жалпы 966 тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмек, оның ішінде: ет және ет өнімдері – 169 т, сүт және сүт өнімдері – 129 т, жарма және макарон өнімдері – 54 т, нан және кондитерлік өнімдер – 75 т, жұмыртқа – 301 мың дана, картоп –19 т, көкөніс – 110 т, балық – 13 т және т.б.

Сонымен қатар облыстардан келетін шығармашылық ұжымдар келушілер назарына концерттік бағдарлама ұсынады.  

 




Яндекс.Метрика