ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

«Ақтау теңіз порты» АЭА-да 1 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

«Ақтау теңіз порты» АЭА-да 1021 жұмыс орны ашылды. Бұл туралы «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы міндетін атқарушы Әйгерім Молдабекова мәлімдеді.
Маңғыстау21 Маусым , 09:43

«2003 жыл мен 2017 жылдар аралығында 85,3 млрд. теңге ин­вестиция тартылып, 20,8 млрд. теңге салық аударылып, шығарылған өнімнің көлемі шамамен 237 млрд. теңгені құрады», - деді АЭА өкілі.

Оның айтуынша,  1021 жұмыс орны құрылса, ағымдағы жылдың аяғына дейін 300 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Өткен жылы 1023 адам жұмыспен қамтылған болатын.

«Біз «Жаңа серпін» мемлекеттік бағдарламасы аясында арнайы экономикалық аймақта жобасын жүзеге асырушы кәсіпорындарға мамандар даярлаймыз. Мәселен, бағдарлама бойынша 2015-2016 жылдары 64 маман білім алса, 51 маман жұмысқа орналасты», – деді Әйгерім Молдабекова.




Яндекс.Метрика