100 табыс тарихы

Гүлжамиля Тұрмұханова: Біз салық жүйесінің қалыптасуына үлес қостық

Жеке адам тарихының табысы күтпеген жерден басталуы мүмкін. Гүлжәмиля Тұрмұханованың салық органдарындағы жұмысы кезінде салық есептілігінің жаңа формасы ене бастаған еді, ол салық жүйесінің қалыптасуына айтарлықтай үлесін қосты.
Астана қаласы20 Маусым , 19:43

Тұрмұханова Гүлжәмиля Тойбазарқызы   Алматының экономика және статистика институтын аяқтады. Оның еңбек жолы  1983 жылы басталды, ал 2000 жылдан бастап  Ақтөбенің салық инспекциясында әртүрлі лауазымдық қызметтерді атқарды.

Астанаға  2010 жылдың  маусымында көшіп келді, жұмысын  Сарыарқа ауданы бойынша салық басқармасында жеке кәсіпкерлер туралы ақпаратты өңдеу  мен орталық қабылдау бөлімнің бас маманы ретінде жалғастырды.

Г.Тұрмұханованың салық органдарындағы жұмысы жаңа салықтық есептілікті енгізумен  тұспа-тұс келді.

«Іскерлік қасиеттері мен шынайылығының, өз мамандығына деген махаббатының нәтижесінде Гүлжамиля Тойбазарқызы жастарға үлгі болып, алға қойған мақсатын үнемі орындайды», - деп әріптестері ізгі ниеттерін білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика