Бизнес қауымдастық пен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының жаңа жүйесі

Талдықорғанда Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Талдықорған қаласында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды, ол «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының филиалында орналасқан, деп Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы26 Желтоксан , 15:31

«Бұл жерде бизнестің негізгі бағыттары бойынша курстар өткізіледі, басты тақырып – жастар кәсіпкерлігін дамыту мен start-up жобалары», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, орталық базасында форумдар, семинарлар, шаралар өткізілетін болады.

Айта кетерлігі, ауыл кәсіпкерлерінің сауатын арттыра түсу үшін Алматы облысында кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталығы жұмыс істеуде, ол 2013 жылы ашылған болатын.

Бүгінгі таңда орталық 500 консультация өткізді. 




Яндекс.Метрика