EXPO-2017

ЭКСПО аясында Санта Клаус жаздың ортасында Астанаға келді (ЭКСКЛЮЗИВ)

Нағыз Санта Клаус Қазақстанға ұшып келді. Қазіргі таңда Йоулупукки ЭКСПО-2017 көрмесіндегі фин павильонында жүр.Айта кетерлік жайт, Finair авиажелісі тікелей рейс жасады және Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу барысында жұмыс істейтін сол рейспен Санта Клаус ұшып келген екен. Оның сапарының мақсаты не және қазақстандық балалар Санта Клаусқа хат жазғанда қандай тілек тілейтіні туралы «Strategy2050.kz» ақпараттық агентінің эксклюзивті сұхбатынан оқыңыздар.
Астана қаласы 19 Маусым, 20:03

- Санта, Қазақстанға қош келдіңіз!

- Сәлем Қазақстан!

- Сізге Қазақстан ұнады ма?

 - Мен өткен түні ұшып келдім, мұнда болғаныма екі үш сағат болса да алғашқы алған әсерім жақсы. Мен Қазақстан халқы өте қонақжай және тарихы өте бай деп естідім.

- Қазақстаннан сізге балалар көптеп хат жаза ма, олардың тілектері қандай?

- Жыл сайын Қазақстаннан өте көп хат аламын. Барлығының тілектері әртүрлі, нақты ештеме айта алмаймын, тіпті жай ғана денсаулық сұрайтындар да бар.

-Қазақстандық Аяз Ата туралы естігеніңіз бар ма?

- Әрине естідім, ол менің жиенім ғой.  Мен өзімнің сапарым аясында онымен кездесіп, жүзбе-жүз сөйлесеміз деген үміттемін. Себебі, біз екеуміз де ата-анасы жоқ немесе олар ауыратын, біреудің көмегіне зәру балалармен айналысамыз ғой.

- Ресейдегі Дед Морозда Снегурочка бар, ал сізге кім көмектеседі?

- Менің жұбайым Санта ханым бар, ол үй шаруасын өзі тыңдырады және мен Лапландиядан тыс өзге мемлекеттерге аттанғанда көмектеседі.

- Бұл сіз үшін жұмыс па?

- Бұл жұмыс емес, өмір сүру дағдым және ол өте қызықты. Мен рождество кезінде кішкентай және үлкен балалармен кездесу үшін бүкіл елдердегі барлық үйлерді аралаймын.

- ЭКСПО-ға келуіңіздің мақсаты неде?

- Мен адамдардың жиналғанын, араласқанын қатты ұнатамын. Мен олармен бетпе-бет араласқанды, жаңашылдықтардан хабардар болуды жақсы көремін. Әлемде нені пайдалану жоспарланып жатқаны, экологияны, табиғатты қорғау тақырыбы мен үшін шынымен де қызықты.

- Инновацияларды қолданасыз ба?

- Жоқ, алайда мен әлемде не болып жатқанына қатты қызығамын. Бірақ ескі көзқарастың адамымын.

- ЭКСПО-ның өзгеде көрмелерінде болдыңыз ба?

- Ия. Шанхайда болдым.

- ЭКСПО көрмесі Қазақстандағы туризмді дамыта ала ма?

- Ия. Менің ойымша ЭКСМПО көрмесі Қазақстандағы туризмге оң әсер ететін болады. Адамдар Қазақстан туралы және мұнда нені тамашалауға болатыны туралы біле бастайды. Мәселен, мен дәмді тамақтанғанды жақсы көремін және Қазақстанның ас мәзірі жақсы тамақтарға бай деп естідім, мүмкін өзгеде адамдар осылай қызыға бастайтын шығар.

- Сіз ұлттық асханадан дәм таттыңыз ба?

- Әзірге дәм татқан жоқпын, алайда бесбармақ туралы естідім. Ас мәзірімен танысуымды тағатсыздана күтіп жүрмін.

- Қазақстанның өзгеде қалаларын аралау жоспарыңызда бар ма?

- Егер уақыт болса мен өзгеде қалаларды аралар едім.

- Қандай тілек тілер едіңіз?

- Мен әлемнің барша балалары бір-бірімен ойнай алса және ештемеден қорықпаса екен деп тілеймін.

- Сұхбатыңызға рахмет.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика