Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

ҚР Парламент Сенаты қаржы пирамидаларына қарсы күрес сұрақтарына енген өзгертулерді қабылдады

ҚР Парламент Сенатының пленарлы отырысында «Қаржы (инвестициялық) пирамидалар қызметіне қарсы әрекет мәселесі бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды«BNews.kz» агенттігі.
Астана қаласы26 Желтоксан , 15:08

«Заң жобасы қаржы пирамидаларының қызметін тоқтату бойынша кешенді шараларды қарастырады. Құжаттың мазмұнына сай, қаржы пирамидаларын құру және (немесе) олардың қызметіне жетекшілік ету қылмыстық жауапкершілікке, қаржы (инвестициялық) пирамидалары қызметін жарнамалау әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - делінген хабарламада.

Және де аталмыш өзгерістер «Жарнама туралы» және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңға да енгізілмек.




Яндекс.Метрика