100 табыс тарихы

100 табыс тарихы: Салық заңнамасы бойынша білімді насихаттаушы

Республикамыздың кез келген мекемесінде өз еңбектері еліміздің тарихында қалуы үшін барынша күш салатын өз ісінің мамандары бар. Олар туралы ренспубликалық телеарналарда айтылмайды, алайда, олардың қосқан үлесі Қазақстан үшін аса маңызды. Осындай еңбеккерлердің бірі Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері Штатбаева Жанымкүл Нұртайқызы.
Астана қаласы19 Маусым , 17:13

Жанымкүл Штатбаева 1983 жылы орта мектепті жақсы аяқтап, Семей қаржы-экономикалық техникумына оқуға түседі, ал 1992 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетінің сырттай оқу бөлімін «Қаржы және Несие» мамандығы бойынша бітіріп шығады.

1985 жылы «Мемлекеттік бюджет» мамандығы бойынша техникумды аяқтағаннан кейін 19 жасында өзінің еңбек жолын Қызылорда облысының алдымен Жалағаш, кейін Қармақшы аудандық қаржы бөлімінің аға мемлекеттік салық ревизор-инспекторы қызметінен бастайды.  

Мемлекеттік салық инспекциясы бойынша білім алғаннан кейін алғашқы күндерден-ақ Қармақшы ауданы бойынша Салық инспекциясында аға мемлекеттік салық инспекторы болып жұмыс істейді. Көшуіне байланысты 1996 жылғы шілдеден бастап жұмысын Семей қаласы бойынша Салық инспекциясында заңды тұлғалармен жұмыс істеу бөлімінің бас салық инспекторы ретінде жалғастырады.

Ж. Штатбаева 2015 жылғы қаңтардан бастап Астана қаласының Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келеді.

Мемлекеттік кірістер жүйесінде жұмыс істеп жүрген 32 жыл ішінде Жанымкүл Нұртайқызы өзін салық заңнамасы бойынша білімді белсенді насихаттаушы ретінде көрсете білді. Ол өз тағдырын салық қызметімен байланыстырған жастардың тәлімгері әрі тәрбиешісі. Ж.Штатбаеваның қайраттылығы, еңбексүйгіштігі, өзін-өзі дамытуға ұмтылысы оған мақсатына қол жеткізуге үнемі көмектеседі.

Ж.Штатбаева мемлекетіміздің қалыптасуына, егемендігіміздің нығаюына және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алған ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерейтойлық медалін өз өміріндегі басты награда деп санайды.

Бұдан бөлек, оның наградаларының арасында қаржы жүйесіндегі көпжылдық жемісті еңбегі үшін алған мақтау қағаздары мен алғыс хаттар да бар.




Яндекс.Метрика