Парламент

Ұлттық банк сала секторын сауықтырудың жүйелік жұмысын аяқтауда

Бүгінде Ұлттық банк банк секторын сауықтыру бағдарламасын аяқтауда. Бағдарламада Ұлттық банк тарапынан ресурс беру арқылы банктерге қолдау көрсету көзделген, осы ретте акционерлер міндетті түрде тең жағдайда қатысуы керек. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында хабарлады.
Астана қаласы19 Маусым , 12:43

«Расында да, соңғы 1,5 жылда банк секторындағы жағдай айтарлықтай өзгерді, осы ретте жақсы жаққа қарай өзгергенін атап өткім келеді. Банк өтімділігі пайда болды. Рас, өтімділік бірден несиелеуге әсер етпейді, себебі банк секторында проблемалар бар. Бұл мәселелер  2008 және 2009 жылдардағы дағдарыстарда шешілмей қалып кеткен», - деді Ұлттық қор басшысы. 

Осындай жағдайда Ұлттық банк  банк секторын сауықтыру  және  дағдарыстан кейін қадлыптасқан жағдайды өзгерту бойынша белсенді жұмыстарды бастады.

«2008 және 2009 жылдары мұнай бағасы айтарлықтай өсті макроэкономикалық жағдай айтарлықтай болды және ол қосымша табыстарды түрлендіруге және барлық міндеттерді орындауға мүмкіндік берді. 2014 жылы мұнай бағасының төмендеуі басталды, нәтижесінде макроэкономикалық жағдай нашарлай бастады және екінші деңгейлі банктер зардап шегіп, инфляция деңгейі бірден өсті, қарыз алушылар сапасы төмендеді. Банк түрлендіруі керек қаржы ағымы да төмендеді. Осындай жағдайда Ұлттық банк банк секторын сауықтыру жүйелік жұмысын бастады», - деп түсіндірді Д. Ақышев.

Данияр Ақышевтың айтуынша, қор банк активтерінің сапасын бағалауды жоспарлап отыр.  

«Ұлттық банк еліміздегі банктердің активтері сапасына бағалау жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл шара шынайы картина банктердің есеп-қисаптарындағы деректерден де нашар болуы мүмкін екендігін көрсету үшін жасалады. Мұндай жайт орын алған болса, онда банк акционерлері аталған банктерге ауқымды қаржы құюға тиісті болады Ұлттық банк ауқымды қаржы құюға экономикада, акционерлерде және де өзгеде банк иелерінің мүмкіндігі жоқ екенін түсінеді, сондықтанда мынадай үлгіні ұсынып отыр», - деп атап өтті.

Бүгінде Ұлттық банк банк секторын сауықтыру бағдарламасын аяқтауда. Бағдарламада Ұлттық банк тарапынан ресурс беру арқылы банктерге қолдау көрсету көзделген, осы ретте акционерлер міндетті түрде тең жағдайда қатысуы керек.

«Яғни, егер мемлекет қаржы беретін болса, онда акционер белгілі бір мерзім ішінде дәл сондай соманы капиталға салым ретінде салуға міндеттеледі. Алдағы жақын бірнеше жыл бойы екінші деңгейлі банктер айтарлықтай капитал алатын болады. Сол арқылы жинақталған несиелеріне құтыла алады», - деді Д. Ақышев.

Ол толықтырып кеткендей, өздерінің шығындарын мойындаған әрі капиталмен қамтамасыз етілген банктер барлық халықаралық талаптар мен критерийлерге сәйкестендіріледі.

 «Содан соң банктердің рейтингтерінің  және олардың қаржылық жай-күйлерінің жақсаруына сенім артуға болады. Банк секторы экономиканы несиелендіруді қалпына келтіруге қатысу жөніндегі Ұлттық банктың, Үкімет пен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындайтын болады», - деп түйді Ақышев.

Естеріңізге сала кетейік, Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Парламент палаталарының отырысында салық түсімдерін көтеру мақсатында биыл салықтық тексеріс 37,5 пайызға қысқартылатын мәлімдеді.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика