Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

2014 жылы ҚР жолдарында 18 электронды таразы орнатылады – А.Жұмағалиев

2014 жылы ҚР жолдарында автокөліктердің қозғалысын тексеретін 18 электронды таразы орнатылады, деп мәлімдеді Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Казахстан26 Желтоксан , 14:46

«Біз Мемлекет басшысының рұқсаттама құжаттарын беру процесін автоматтандыру тапсырмасы аясында оқиғалық орталықтарды құрдық, рұқсаттама құжаттарын беру процесін тарату жүйесін, отандық тасымалдаушылар үшін шетелдік рұқсаттама беру процесін тарату жүйесін дайындадық. Осылардың арқасында банктердің тарату процесінде тәртіп орнатылды», - деді министр.

Сонымен қатар, 2012 жылы 9 станционарлы посттар жабылып, олардың орнында көліктердің қозғалысын тексеретін 13 электронды таразы орнатылады.

«Бастысы, біз осы процестен адам факторын алып тастадық. Тасымалдаушылар енді тоқтап әуре болмайды. Демек олар уақытты үнемдейді. Келер жылы тағы 18-ін қоямыз», - деді Жұмағалиев.

Салыстыру үшін айта кетейік, барлық станционарлы посттармен 200 мыңнан астам көлік ексерілген. Және 3 дарбаза арқылы шамамен 500 көлік тексерілген.

Азаматтық авиация жайлы айтар болсақ, биыл халықаралық азаматтық авиация ұйым аудитінің ескертпелерін алып тастауға және ұшқыштардың қауіпсіздігін көтеру шараларына көп күш жұмсалды. Қаңтарда біз ҚР-на ИКАО сарапшыларын шақырдық. Біріккен жұмыс барысында заңнамаға 80 шақты түзету енгіздік. Президенттің қаулысымен азаматтық авиация инспекторларының айлық жалақысы көтерілді.

2013 жылы ҚР-да жаңадан 15 әуе бағыты ашылды. Ішкі коммерциялық әуе тасымалын реттеу, әуежайларда жолаушыларға қызмет көрсетуі ұйымдастырудың жаңа ережелері бекітліді.

Әуежайларды басқаратын бірыңғай оператор және ИКАО-ның әуе қауіпсіздігі бойынша Орта Азия елдерінде жалғыз субөңірлік оқыту орталығы ашылды.




Яндекс.Метрика