Басқару

2017 жылы мемлекеттің ЖІӨ өсімі 4% шамасында болады деп күтілуде

Астана қаласы17 Маусым , 09:34

«Біз жас дамушы мемлекет сияқты көрсеткіштерге қолжеткізіп жатқанымызға қуаныштымыз. Сыртқы қолайсыз жағдайларға қарамастан біз 2017 жылы еліміздің ЖІӨ өсімі 4% шамасында болады деп күтудеміз. Басымдық берілген салалардың қатарында экономиканы технологиялық жаңғырту, бизнес ортаны түбегейлі өзгерту және кеңейту, адамзат капиталын дамыту бар. Осыдан 10 жыл бұрын біз ТМД елдерінің ішінен бірінші болып Экологиялық кодексті қабылдадық. Бүгінде елемізде жаңғырту қарқынды жүргізілуде. Бүгінде 50 кәсіпорын жұмыс істейді, олар жаңартылған энергия көздерін өндіреді. Соңғы 10 жылда табиғатты қорғау шараларын жүргізу арқылы атмосфераға ластайтын заттардың шығарылуы 13%-ға, ілеспе мұнай газ шығарылымы 70%-ға азайды», - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа энергия – жаңа экономика» атты Х Астана экономикалық форумының пленарлық отырысында.




Яндекс.Метрика