Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Б.Жәмішев: Еліміздің 27 моноқаласында 46 зәкірлі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

Еліміздің 27 моноқаласында 25 мыңнан астам жұмыс орнын ашатын 46 зәкірлі жоба жоспарланып отыр және тағы 9 жоба қолданысқа берілмек, деп мәлімдеді Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы26 Желтоксан , 14:20

«Өздеріңізге мәлім болғандай, 1,5 млн халқы бар барлығы 27 моноқала анықталған. Шағын қалалармен қосқанда бұлар халықтың урбанизацияланатын елді-мекендері болады. Бұл дегеніңіз – моноқалалардың халқы қарқынды өсіп, облыс орталықтарынан да асып түсуі ғажап емес», - деді министр.

Министрдің айтуынша, республикалық бюджет есебінен қалаларда инженерлік коммуникацияны жөндеу, қалалардың құрылуы мен кәсіпкерлікті қолдау бойынша инвестициялық жобалар іске асырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы қабылданған. Оның мақсаты – моноқалаларды әртараптандыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықты жұмыспен қамту, жаңа өндірістік және жұмыс орындарын ашу.




Яндекс.Метрика