Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Е. Досаев: 2013 жылы қызметтер көрсету саласы экономика өсімінің негізгі драйвері болуда

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде 2013 жылы қызметтер көрсету саласы экономика өсімінің негізгі драйвері екендігін айтты.
Астана қаласы26 Желтоксан , 13:45

«Қызметтер көрсету саласы бұрынғысынша экономика өсімінің негізгі драйвері болып қалуда. 2013 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қызметтер көрсету саласының өсімі 7,5% құрады. Экономика өсіміне қосылған үлесі - 3,86% шамасында. Ал тауарлар өндірісі 3,3% өсіп отыр»,- деп мәлім етті министр өз сөзінде

«Еліміздің барлық дерлік өңірінде өнеркәсіптік өндірістің өсуі байқалуда. Тек Ақмола облысында өндіріс - 1,4%, Павлодар облысында- 0,9%, Батыс Қазақтанда - 0,3%, Қызылорда облысында - 0,2% төмендеп отыр»,- деп түйіндеді өз сөзін Е.Досаев.

«2013 жылы ЖІӨ өсімінің негізгі факторлары негізгі капиталға салынатын инвестициялардың өсуі, қызмет көрсетудегі серпінді өсу, сондай-ақ машина жасау және ауыл шаруашылығы көрсеткіштерінің айтарлықтай ұлғаюы есебінен орын алды. 11 айдың ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімі 8,7 пайызды құрады. Инвестициялық белсенділік біршама ірі кәсіпорындардың негізгі қорларына қаражат құюды ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді», - деді министр.

«2012 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қызмет өндірісінің өсімі 7,5 пайызды құрады», - деді Досаев.

 




Яндекс.Метрика