Қалаларға шоғырлану

Елорданың трансформациялануы: Астана болашақта қандай болады?

Астана экономикалық форумы аясында Астана әкімі Әсет Исекешев өз баяндамасында елорданың трансформациясы мен жоспарларды дамыту туралы айтып берді.
Астана қаласы15 Маусым , 18:36

«Астана Қазақстанның   саяси, мәдени және іскер орталығы. Әлем бойынша жылдам дамып жатқан қалалардың бірі. Әлемдік сынақтарға салалар емес, мегаполистер жауап береді.  Тұрақты қала – бұл ең алдымен қауіпсіз, өмір сүруге қолайлы, ақылды, әлеуметтік оқиғаларға ашық қала. Сондықтан да, өткен жылдың соңында  әкімдік 2020 жылға дейін қаланың даму бағдарламасын әзірлеген болатын», - деді әкім.

Батысы: Астананы газдандыру

Барлық тұрғындарды қызықтыратын  мәселе, әрине газ. Астана әкімі Әсет Исекешев  айтып өткендей, әкімдік Астананы газдандыруға кешенді түрде көшуде

«Қазір көптеген экономикалық сұрақтар шешілді, оның ішінде логистикалық мәселе де бар. Жақын уақытта шешім қабылданады, ол оң болады деп үміттенеміз. Қазір бірнеше нұсқалар қаралып жатыр. Біз  маусым- шілде айларында  осы мәселе бойынша кеңес өткіземіз. Қазір қоғамдық көліктерді газға көшіру мәселесі қаралып жатыр. Оған, 2 млрд теңге бөлінді. Назарбаев университеті  газбен жылытуға көшіп жатыр», - деді қала әкімі.

 

Астананың энергия тиімділігіне көшуі

Астана  әлеуметтік нысандарды – мектеп, балабақша, ауруханаларды   кезеңдеп энергия тиімділігіне көшіртіп жатыр.

«Электр энергиясы институтымен бірігіп 2020 жылға дейінгі  энергияны сақтау  бойынша кешендік жоспар  әзірленіп жатыр. Алғашқы жобалар шешімдердің  50 пайыздық тиімділігін көрсетіп отыр», - деді ол.

Ол айтып өткендей, Астанада  ақылды көшені жарықтандыру бойынша жоба әзірленуде. Жоба  МЖӘ механизмі арқылы жүзеге асырылады.  25 мыңнан астам ескі  шам  жаңа энергия үнемдейтіндерге ауыстырылады.

Қалалық ортаны трансформациялау

«Қалалық ортаны трансформациялау бойынша біз 50 қоғамдық кеңістікті  - көшелер, алаңдар, саябақтар, жаяу жүргіншілер  мен велосипед жолдарының инфрақұрылымдарын таңдап алдық. Сондай-ақ, қаланы біркелкі дамыту үшін елорданы  129 секторға бөлдік, онда   34 әлеуметтік стандарт әзірленуі керек», - деді әкім.

Ол айтып өткендей, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бірқатар аз байытылған көмірсутек жобалары әзірленеді.

«Жасыл аймақтар мен қоғамдық орындарға жалпыға ортақ қолжетімділікті қамтамасыз ету аясында қалада 10 саябақ, 4 желекжол және 90 шағын бақ жұмыс істейді. Тағы 19 шағын бақ пен желекжол салынбақ. Барлығы 39 мың ағаш отырғызылады, оның 14 424-і немесе 30%-ы 2016 жылы отырғызылған», - деп ақпараттандырды әкім.

Көлік инфрақұрылымына келетін болсақ, елорда әкімі интеллектуалды көлік жүйесі енгізіліп жатқанын хабарлады.

«Біз әлемдік тәжірибені зерттеп, мегаполистердің қалай дамып жатқанын көрдік. Бар басымдықтарды ескере отыра, 1 басым секторды анықтадық. Дәл осы 10 секторға баса назар аударылатын болады», - деп атап өтті Ә.Исекешев.

Астана туризмі

Туризм бойынша Астананы іскерлік орталыққа айналдыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

«2020 жылға дейін Астанада 3 басты туристік бағыт дамитын болады: MICE туризмі, қалалық рекреациялық туризм және медициналық туризм», - деді Ә.Исекешев.

Ол жобалардың бірі тарихи құндылықтарды дамыту екенін атап өтті.

«Осы бағыттарды дамыту Астананың туристік дестинация ретіндегі имиджін қалыптастыруға, болашақта Астананы әлемнің туристік картасына енгізуге мүмкіндік береді. Осы шаралардың барлығы 2020 жылға дейін шетелдік туристер санын жылына 1 млн-ға дейін, ал отандық туристерді 2 млн-ға дейін көбейтуге мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді Ә.Исекешев.

Елорданың дамуы

«Даму кластері бойынша бүгінде қаланың ЖӨӨ 9%-ын құрылыс алады, жұмыспен қамтылған халықтың  16%-ы осы салада жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады әкім.

Сондай-ақ, ол негізгі мақсат дамудағы толық циклді цифрлендіру екенін қосты, бұл құрылысқа жаңа «жасыл» технологияларды енгізу.

«Осының барлығы құрылыс мерзімін - 15-20%-ға, құрылыс шығындарын - 20%-ға,  пайдалану шығындарын - 70%-ға, құжаттар әзірлеу уақытын 80%-ға қысқартуға мүмкіндік береді», - деді Ә.Исекешев.

Астананы түрлендіру үшін 17 мақсат, 10 міндет және 20 нақты қадам

«Өмір сүру сапасы бойынша біз ЭЫДҰ елдерінің стандарттарын, сондай-ақ БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын негізге аламыз. БҰҰ Даму бағдарламасына сәйкес, тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін 17 мақсат айқындалған. Біз өзіміз үшін 20 нақты қадам айқындадық. Олар: тұрғын үйдің қолжетімділігі, қалалық ортаны түрлендіру, Астананың жасыл белдеуі үшін 1 млн ағаш, таза ауа және т.б. Осының барлығы БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді», - деді Ә. Исекешев.

Қайрат Жандыбаев

 




Яндекс.Метрика