Кедендік одақ

Сенат КО аумағында құжат алмасудағы ақпараттық технологияны қолдану туралы келісімді қабылдады

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында сыртқы және өзара саудада электрондық құжаттар алмасу кезінде ақпараттық технологияларды қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын мақұлдады, деп хабарлайды BNews.kz.
Астана қаласы26 Желтоксан , 13:00

«Егер заңнамаға сәйкес мемлекеттер тарапынан жазбаша рәсімдеу талап етілсе, онда КО комиссиясы белгілеген құжаттандыру талабына сәйкес рәсімделген электронды құжат талапқа сай деп танылады», - деп көрсетілген Сенаттың Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитеті берген қорытындыда.

Келісім Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, заңды және жеке тұлғаларының кеден одағының бірыңғай кеден аумағында сыртқы және өзара саудада электрондық құжаттар алмасу кезінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы электронды құжат жасау, беру, алу, сақтау және қолдану үдерісінде пайда болатын қарым-қатынасты реттейді.

 




Яндекс.Метрика