Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

БЖЗҚ-ның барлық қаржысы Қазақстанға толық көлемде қайтарылады – Қ.Келімбетов

Барлық қаржы толық көлемде қайтарылады, деді Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Астана экономикалық форумы барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығының директоры Қайрат Келімбетов.
Астана қаласы15 Маусым , 16:19

«Меніңше, қоғамның  алаңдаушылығын  осы жерден тоқтатса  болады. Барлық қаржы толық көлемде қайтарылады. Осымен зейнетақы  қорын құттықтағым келеді. Мен неге директорлар кеңесінің мүшесімін, мен бұл үрдіске, қайта құрылымдауға  қатыстым», - деді ол.

Қ.Келімбетов айтып өткендей, Қазақстанда қайта құрылымдаумен айналысатын адамдар саны көп емес.  

«Қайта құрылымдауды жетік білетін адам аз. Сондықтан Үкімет маған жүктеді. Қаржы толық көлемде қайтарылады. Екінші жол  Үкіметтің ұстанымы болып отыр», - деді Қ.Келімбетов.

Айта кетейік, мамыр айының ортасында  азербайжандық банк  Қазақстан инвестициялаған қаржыны қайта қайтара алмайды деген жаңалық қоғамды дүрліктірген болатын. Сондай-ақ, Әзербайжанның  Премьер-Министрі  барлық қаржыны толық көлемде қайтарып береді. Қазақстан Үкіметіне  қаржыны қайтарудың үш нұсқасы ұсынылды. Әзірше, ең тиімді нұсқа  10 жылдан  15 жылға дейін  сыйақы ставкасын 8,25 пайыздан  3,5 пайызға дейін қысқарту.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика