Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары 2013 жылғы мембағдарламалардың нәтижесі туралы әңгімеледі

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев 2013 жылдың мембағдарламалардың нәтижесін әңгімеледі.
Астана қаласы26 Желтоксан , 12:45

«Көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша да ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылы 4 мың шақырымнан астам қалпы қолданыстағы жолдар жөндеуден өткізілді. «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» дәлізі бойында бірнеше учаскеде жол қозғалысы ашылды.Оған қоса, Қазақстанның батысы мен шығысын байланыстыратын «Жезқазған-Бейнеу-Шұбаракөл» жаңа теміржол желілерінің құрылысы жүргізілуде», деп атап көрсетті бірінші вице-премьер өз сөзінде.

 «Құрылыс саласында өткен жылдардың оң динамикасы сақталуда. 2,9% пайыз деңгейінде өсім бар. «Қолжетімді баспана» бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Жылдың қорытындысы бойынша біз бағдарламада қарастырылған 6,6 млн. шаршы метрдің орнына, шамамен 6,8 млн. шаршы метрдің тұрғын үйлерін іске қосуды жоспарлап отырмыз», - деді Б.Сағынтаев өз сөзінде.

«Үстіміздегі жылдың алдын ала қорытындыларына келетін болсақ, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақты өсіммен белгілеуге болады. Үкімет Елбасы тапсырған экономикалық өсім қарқынын 6 пайыз деңгейінде қамтамасыз етті. Инфляция үдерістері тұрақты», - деді вице-премьер.

Оның сөзіне қарағанда, биылғы жылы жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрайды. «Инвестициялық белсенділік артып, негізгі капиталдағы инвестиция өсімі 8,7 пайызды құрады. Бұл дағдарыстан кейінгі, яғни соңғы 4 жыл ішіндегі ең жоғары жылдық көрсеткіш болып табылады», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

 




Яндекс.Метрика