Кедендік одақ

Сенат КО елдері үшін сауданың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру туралы келісімді ратификациялады

ҚР Парламенті Сенаты бүгін жалпы отырыс кезінде «Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және оны дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz .
Астана қаласы26 Желтоксан , 12:30

«Жүйе аумақтық бөліністегі ақпараттық мемлекеттік ресурстардың жиынтығы; тараптардың сыртқы және ішкі саудасын реттейтін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі; сондай-ақ интеграциялық сегменттермен интеграцияланған КО комиссияларының ақпараттық жүйесі мен ресурстары болып табылады», - делінген Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің қорытындысында. 

Сонымен қатар келісім КО сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және оның дамыту негіздерін, сондай-ақ КО комиссияларының, комиссия хатшылығы мен жүйелерді құратын тараптардың өкілеттілігін, қаржыландыру көздері мен төртібін анықтайды.

 




Яндекс.Метрика