Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Байқоңырда туризм бойынша инвестициялық жоба таныстырылды

Байқоңыр қаласында Мемлекет басшысының ЭКСПО-2017 аясында туризмді дамыту тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризмді индустриялау комитетінің төрағасы Марат Иғалиев Ресей Федерациясы Федералды ғарыш агенттігінің басшысы Олег Остапенкомен кездесті, деп хабарлайды Комитеттің баспасөз қызметі.
Қызылорда26 Желтоксан , 12:15

«Кездесуде Байқоңыр қаласындағы инвестициялық жоба – «Ғарыш айлағы» кешені құрылысының таныстырылымы өтті. Жобаның басты мақсаты – қонақтар мен ғарыш айлағының туристеріне қауіпсіз, ыңғайлы, жайлы жағдай жасау», - делінген хабарламада.

Жоспар бойынша нысанда кеңсе ғимаратын, қонақжай кешені мен сауда-ойын-сауық аумағы салынбақ.

Жобаның негізі зымыранды ұшырудың қауіпсіздігін, ыңғайлылығын бақылап жағдай жасайтын орталық күмбез болып табылады. Бұл жинақ түрлі техникалық арнайы эффекттермен жарақтандырылып, заманауи бақылау құрылғылары орнатылады.

«Даймонд транс» ЖШС қазақстандық компаниясы жобаның іске асырылуына шамамен 1 млн доллар құйды. Жобалау-сметалық құжаттамасын жобалау мен сараптау жұмыстары жүргізілді, жұмыстың құрылыс-монтаж және аймақтың жағдайын жасау шаралары атқарылды, 6 қабаттың темір блоғы дайын.

Қазіргі таңда Байоңыр қаласының әкімшілігі парктік аймақ құрылысы үшін 10 гектар жерді қосымша кешенге жалға беру мәселесін шешуде.

«Бүгінде «Байқоңыр» кешені ғарышты игеру мен зерттеу саласында халықаралық әріптестік нысаны ретінде ғана емес, сонымен қатар туризм объектісі ретінде де көпшілікті өзіне тартады. «Ғарыш айлағы» кешенінің орналасқан жерін ескерсек, аталмыш жоба «Қармақшы-Қорқыт ата-Байқоңыр» Жібек жолы жолындағы бір туристік өнім ретінде қарастыруға болады», - дейді ҚР Индустрия жне жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев.

Ресей тарабы туризм саласындағы әріптестікті дамытуға дайы екендіктерін айтып отыр. Атап айтар болсақ, Байқоңыр әкімшілігі ғарыш айлағында туристік маршрутты дамытуға дайын екендіктерін білдірді. Осы секілді өзге де шараларды іске асыру үшін инвесторлардың қаажатына мұқтаждық бар.

Тараптар келесі кездесуді 2014 жылдың басында өткізіп, аталмыш мәселе бойынша соңғы шешімді айтысып, құжатқа қол қоюды жоспарлап отыр.




Яндекс.Метрика