Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

ҚР Жоғарғы сотының жаңа судьялары тағайындалды

ҚР Парламенті Сенаты пленарлық отырыста ҚР Президентінің ұсынуы бойынша Жоғарғы сот судьяларын қызметінен босату және сайлау туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz.
Астана қаласы26 Желтоксан , 12:00

Сенаторлар Жоғарғы сот судьясы ретінде Лаура Ағыбаева, Елена Ақмолдаева, Ирина Калашникова, Маргарита Одинцова, Амангелді Сәрсенбаевты сайлады. Жаңадан сайланған судьялар Сенат алдында ант қабылдады. 

«Ұсынылған үміткерлер дайындығы мен тәжірибелері мол мамандар. Олардың сот қызметінде 10 жылдан 27 жылға дейін еңбек өтілі бар», -деді ҚР Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Бектас Бақназаров. 

Сондай-ақ пленарлық отырыста сенаторлар Жоғарғы соттың судьялары Анатолий Линник, Раушан Нұртай мен Гүлнәр Рыспекованы лауазымдарынан босату туралы қаулы қабылдады. 
 

 




Яндекс.Метрика