Шағын және орта бизнесті дамыту

Астанада кәсіпкерлер саны көбейді

Астанада шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер саны 2013 жылдың 1 желтоқсанымен салыстырғанда 9,0 пайызды құрап 179 558 адамға жетті, деп қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы26 Желтоксан , 11:45

«Шағын және орта бизнес кәсіпкерлігінің өнімі 2013 жылдың қаңтар-қараша айлары бойынша көтерілді. Өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда ол 2,6 пайызға өсіп, 1 087 743 млн теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, шағын және орта бизнес субьектілері 2013 жылдың 1 желтоқсанына қарағанда нарықта істейтін қызметкерлер саны 0,9 пайызға төмендеп, 47 350 бірлікті құрады, оның ішінде 6 806 заңды тұлға, 40 539 жеке кәсіпкер мен 5 шаруа қожалығы.




Яндекс.Метрика