Халықаралық интеграция

Астанада Қазақстан-Америка бизнес форумы өтуде

Астанада Қазақстан-Америка бизнес форумы өтуде.
Астана қаласы 14 Маусым, 09:43

Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында қазақстандық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар өкілдері мен екі елдің бизнес өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Америка бизнес-форумы өтуде. 

Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан экономикасының басым секторлары: машина жасау, денсаулық сақтау, құрылыс және ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларына американдық компанияларды тарту, мұнда АҚШ тәжірибесі біздің кәсіпкерлер мен өндірушілеріміз үшін аса пайдалы болмақ.  

Форум жұмысына СІМ, ИДМ, ДСМ, ҰЭМ, ҚМ, ЭМ, Ақмола облысы әкімдігінің басшылығы, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қатысуда. Қатысушылар ұлттық компаниялардың (Самрұқ-Қазына, ҚазақИнвест, ҚазАгро, СҚ «Фармация», АХҚО), бизнес өкілдерінің, сондай-ақ ірі американдық компаниялар өкілдерінің жұмысын талқылайтын болады.

Американдық тараптан іс-шараға бірлескен сауда-инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі әр түрлі компаниялардың 20 өкілі қатысады. 

ҚР-да белгілі компаниялармен қатар (General Electric, Schlumberger, Citi, MasterCard, Coca-Cola және т.б.) Астанаға алғаш рет американдық IT-компаниялардың өкілдері де (IBM, Autodesk) келді. Сондай-ақ, Форум аясында екі елдің бизнес өкілдерімен екіжақты келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр (В2В).

Сонымен қатар, келушілер ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне де бармақ. Бұдан бөлек, американдық бизнес өкілдері кезекті Астана Экономикалық Форумының жұмысына қатысуға да ниетті.

Форумды ұйымдастырушылар - Халықаралық түсіністік үшін іскерлік кеңес (Business Council for International Understanding), ҚР-ның АҚШ-тағы Елшілігі және АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі. 

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика