EXPO-2017

Франция павильонына саяхат: Франция өнеркәсібінің көшбасшылары Peugeot-тен ITER-ге дейін (ВИДЕО)

Франция павильоны халықаралық аренада өз кәсіпорындарының үздік технологияларын таныстырып, беделін арттыруда. ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Францияның павильонын аталмыш ел павильонының комиссары Паскаль Лоро журналистерге арналған баспасөз туры барысында.
Астана қаласы 13 Маусым, 18:46

1084 шаршы метрлік   Франция павильонының аймағында үздік француздық компания мен стартап  өкілдері  энергетика саласындағы инновациялық технологияларды  өндіруге бірікті.

Аталмыш технологияларды  ірі француз компаниялары таныстырды. Айта кетейік, француздық кәсіпорындар жасыл энергетика саласындағы  техникалық үрдіске аса көңіл бөледі.

Франция павильонының  серіктесі ретінде Peugeot, Saint-Gobain, Total, Veolia, Vicat, ITER, Ademe сынды ірі компаниялар бар. Олардың басты мақсаты – Францияның инновациялық саладағы жетістіктерін көрсету.

Франция павильоны  Францияның энергиясы қаншалықты ауқымды екенін көрсетеді. Барлық павильондар болашақтың энергиясына бағытталған.

«Біздің энергия қуаныш пен энергиясы бар адамдарға негізделген.  Павильон бірнеше аймаққа бөлінген. Онда үш басты тақырып бар: болашақ технологиясы, баламалы технология, ақылды қала, ақылды нысан, экожүйелілік, бұл барынша көп қамтып, аз энергия шығындауды білдіреді. Бұл жерде  8 аумақ, олар дәліздерге бөлінген. Әрбір дәліз тек Францияда ғана емес, барша әлем бойынша энергияның дамуына үлес қосқан тұлғалар», - деді Паскаль Лоро.

Біз өз оқырмандарымызға  Франция  павильонымен аталмыш павильонның бас комиссары Паскаль Лороның экскурссияясынан танысуға шақырамыз.

Ақбота Күзекбай

 Видео: Арман Мұхатова

 





Яндекс.Метрика