Білім мен кәсіби машық

2014 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Аl-Farabi university - smart city» ғылыми-инновациялық жобасын іске қосады

2014 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Аl-Farabi university - smart city» ғылыми-инновациялық жобасын іске қосады. Аталмыш жоба ЖОО-ның 2020 жылға дейінгі дамуының негізі болады, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы26 Желтоксан , 10:20

«Қазақстан-2050» Стратегиясында Президент елдің басты мақсаты ретінде күшті мемлекет, дамыған экономика мен жалпыұлттық еңбек қоғамы негізіндегі қоғам жағдайының жақсаруын атаған болатын. Осы орайда Мемлекет басшысы білімге негізделген экономиканы құруға баса мән береді. Бұл процесте негізгі рөлді университеттер атқаратыны белгілі. Біздің Қазақ Ұлттық университеті осы жолда саналы түрде еңбек етуде», - делінген хабарламада.

Жаңа «Аl-Farabi university smart city» университет дамуы моделінің негізінде ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидың мінсіз қала жайлы толғамы жатыр. Өз трактаттарында ойшыл қайырымды қаланың сипаты деп әділетті және адамгершілікті адамдарды қоғамды атайды. Оның басты ерекшеліктері әмбебап рухани құндылықтар мен жақсы өмір жолында әріптестік таныту. Қазіргі кезде университетті қалалардың жағдай тек инфрақұрылым, қаржылық және материалдық ресурстармен ғана емес, адамгершілік және рухани құндылықтармен де өлшенеді.

«Бүгінде ҚазҰУ дамудың жаңа белесіне шықты. Оны біз қазіргі тілмен «smart» терминімен таныстырамыз. «al-Farabi university - smart city» жобасы – әлеуметтік, экономикалық, ғылыми, мәдени құндылықтарға ие университеттің жаңа сапасы болып табылады.

Аталмыш жобаны сәтті іске асыру үшін және университетті ақылды сипатқа көшіру үшін қазіргі таңда барлық жағдай жасалған. Соңғы үш жылда білім ордасы өз қызметінің барлық бағыты бойынша кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Университет ұжымы дүниетанымы негізі болған интеллектуалды платформа және рухани-адамгершілік қуаты қалыптасты.

Хабарламада айтылғандай, 2020 жылға қарай еліміздің кемінде екі университеті әлемдік көшбасшы университеттер қатарына енулері керек. «Al-Farabi university - smart city» Мемлекет басшысының алға қойған міндеттемелерін орындаудың маңызды элементі болып табылады.




Яндекс.Метрика