Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Қызылордада Оңтүстік Қазақстан туризмін дамытудың болашағын талқылады

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғилиев 2013 жылдың 25 желтоқсанында Қызылорда әкімдігінде өткен өңірдің туристік әлеуетін дамыту жөніндегі кеңеске қатысты, деп комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылорда26 Желтоксан , 09:46

«Кездесуде Қазақстандық туристік қауымдастығы облыс әкімдігінің тапсырмасы бойынша әзірлеген «Қызылорда облысының туристік кластерін 2016 жылға дейін құру және дамытудың мастер-жоспарын» жүзеге асыруы қаралды», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғилиевтің айтуынша: «Қазақстан Республикасы туризмін дамытудың жүйелі жоспарына сәйкес, Туризм индустриясы комитетінің тапсырысымен әзірленген, Оңтүстік Қазақстанның кластеріне Қызылорда облысы да кіреді. Бұл кластердегі туристік қызығушылық тудыратын негізгі орындардың бірі- мәдени-танымдық туризмді дамытуға болатын «Байқоңыр» кешені болып табылады.

Қазіргі уақытта, ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті мүдделі қазақстандық меморгандарымен бірге, «Байқоңыр» ғарышжай нысанына қазақстандық туристердің барулары үшін, рұқсат қағазын беру тәртібіне қатысты, тиісті туризмнің инфрақұрылымын құру мәселесі бойынша Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі жол бойының туристік кластерін құру бойынша іс-шаралар қарастырылған Туристік индустрияның перспективалы бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруы қаралды. Қызылорда облысында аталған халықаралық жоларнасының бойынан жолбойы инфрақұрылымын дамытудың 14 нүктесі анықталды, оның 3 нысаны пайдалануға берілді.

 




Яндекс.Метрика