Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Қазақстанда техникалық реттеу және метрология жүйесін дамыту бойынша жол картасы құрастырылады

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрологиялық бақылау комитетінің Эталон орталығында болып, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, салалық қауымдастықтар басшыларының қатысуымен кеңес өткізді.
Астана қаласы26 Желтоксан , 09:15

«Кеңесте Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі интеграциялық процестерді тереңдету жағдайында ҚР техникалық реттеу мен метрология жүйесін дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ отандық өнімдер сапасын және қазақстандық мазмұн үлесін арттыру жолдары қаралды», - делінген хабарламада.

Кеңес қортындысы бойынша Премьер-Министр техникалық реттеу және метрология жүйесін одан әрі жаңғырту мен дамыту бойынша Жол картасын қалыптастыруға өкім етті.

Осыған орай С.Ахметов ИЖТМ-ге, басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға бір ай ішінде Үкіметке Жол картасы жобасын енгізуді тапсырды.

Үкімет басшысы сондай-ақ өкілетті мемлекеттік органдарға және «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП-ке басқа да бірқатар тапсырмалар берді.

Эталон орталығында болған кезде С.Ахметов сынақ зертханалары және Бірыңғай нормативтік техникалық құжаттамалар мемлекеттік қорының жұмыстарымен танысты.

 

 




Яндекс.Метрика