Инфрақұрылымды дамыту

Павлодар облысында 2014 жылы 4 жаңа мектеп қолданысқа беріледі

2014 жылы Павлодар облысында 4 мектептің құрылысы аяқталады, деп хабарлайды «BNews.kz» агенттігі.
Павлодар25 Желтоксан , 17:45

«2014 жылы 1 қыркүйекте Павлодар қаласында, Шарбақты аудан орталығы мен Майқайың, Кенжекөл ауылдарында балалар жаңа мектепте білім алатын болады. Барлық құрылыс нысандары жоспар бойынша жүргізілуде», - дейді Павлодар облыстық құрылыс басқармасының жетекшісі Бауыржан Есмұханов.

Мәлім болғанындай, 2013 жылы өңірде республикалық бюджет есебінен 4 мектептің құрылысы басталған еді. Павлодар қаласының Кенжекөл ауылдық жеріндегі мектеп 600 балаға арналған болса, Баянауыл ауданы Майқайың ауданындағы білім ошағы 420 орындық, ал Шарбактыдағы мектепте 300 бала сиятын болса, павлодар қаласындағы білім ошағында 1200 бала еркін оқи береді.

 




Яндекс.Метрика