Халықаралық интеграция

Астанада өтетін ЭКСПО көрмесінің нәтижелері ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерге зор пайда әкеледі

Астана қаласы09 Маусым , 14:42

«2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан сіздермен бірге өңірлік және жаһандық дауларды шешу үшін барынша күш салады. Біздің еліміз жасыл энергетиканы қолдау бойынша жаһандық күш салуды да қолдайды. Бүгін барлығымыз "Болашақтың энергиясы" деп аталатын ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу рәсіміне қатысамыз. Менің шақыруымды қабыл алып, осы іс-шараға қатысатындарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Мұнда бірнеше ай бойы экологиялық таза энергетика саласындағы ең озық технологиялар көрсетілетін болады. Астанада өтетін ЭКСПО көрмесінің нәтижелері ШЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттерге және жалпы халықаралық қоғамға зор пайда әкеледі деген үміттемін», - деп атап өтті Елбасы.




Яндекс.Метрика