Өңірлік қауіпсіздікті нығайту

Мәжіліс ТМД мемлекеттерінің ӘШҚ қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы келісімді мақұлдады

Бүгін Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс ТМД қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы ратификациялық келісімді мақұлдады, деп палатаның баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы25 Желтоксан , 15:30

«Өз сөзінде Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің мүшесі Абай Тасболатов тараптардың ынтымақтастығы осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын кезекшілердің іс-қимылдарының тәртібі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылатындығын түсіндірді», - делінген хабарламада.

Тараптар арасында өзара іс-қимылды жетілдіру мақсатында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кеңесі жанындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселелері жөніндегі үйлестіру комитеті ТМД-ға қатысушы мемлекеттер әуе шабуылына қарсы қорғаныс біріккен жүйесі күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғанысжөніндегі кезекшілерінің іс-қимылдары бойынша бірлескен жаттығуларын жыл сайын әзірлейді және өткізеді.

 




Яндекс.Метрика