«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарына әскери инфрақұрылым объектілерін орналастыру туралы хаттама 2011 жылғы 20 желтоқсанда Мәскеуде жасалған», - делінген хабарламада.
Хаттамаға сәйкес, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер осы ұйымдағы басқа мемлекеттермен келіскеннен кейін және олардың ресми қарсылықтары болмаған кезде ұйымның мүшелері болып табылмайтын елдердің әскерлерін, әскери инфрақұрылым объектілерін өз аумақтарына орналастыру туралы шешім қабылдайды.