Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу

Батыс Қазақстан облысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 5 тұрғын үй қолданысқа берілді

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының орталығында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының үшінші бағытын іске асыру аясында 5 үй қолданысқа берілді, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Батыс Қазақстан25 Желтоксан , 16:00

« Жұлдыз ауылынан келген төрт отбасы және Хайруш елді мекенінде тұратын бір отбасы жаңа үйлердің кілтін алды», - делінген хабарламада.

Аудан әкімінің орынбасары Бисенғали Хайруллин тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, жаңа жылда жаңа табыстар тіледі. Сонымен қатар ол бұл отбасылардың барлық мүшесін мемлекеттік бағдарламаның талаптарына сәйкес жұмыспен қамтуға уәде етті. 

Айта кетейік, биылғы жылы БҚО-да «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 7 елді мекенде 30 үй пайдалануға берілді.




Яндекс.Метрика