Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы

Астанада «Әдебиет порталы» таныстырылды

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Казконтент» АҚ-ның «Әдебиет порталы» әдеби веб-порталының таныстырылымы өтті.
Астана қаласы25 Желтоксан , 13:52

«Ең алдымен көпшілікті ғаламтор арқылы әдеби кітаптар оқу мүмкіндігіне ие болуымен құттықтаймын. 2012 жылдан бастап Ақпарат және мәдениет министрлігінде қазіргі кезде әлеуметтік әдебиет аясында басылып жатқан кітаптардың 2 мың ғана тиражы бар екені айтыла бастаған еді. Және олар республиканың 40 кітапханасына ғана тарайды. Осы жерден «el.kz» әлеуметтік желісі базасында аталмыш кітаптардың электронды нұсқаларын тарату идеясы туындады. Кітап авторларымен арадағы келісімшарттарға өзгерістер енгізілді. Олар кітаптарды ғаламторға салуға келісім берді. 2012 жылдың қорытындысы бойынша порталға 500-ден астам кітап тапсырылған. Биыл тағы 380 кітапты салу жоспарланып отыр. Қазірде порталдағы кітаптар саны мыңға жетіп жығылады», - деді Ақпарат және мәдениет министрлігінің ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Б. Калиянбеков.

Оның айтуынша, осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Жоспар бойынша порталға жылына 380 кітап салынбақ.

Сондай-ақ, авторларды олардың аты-жөні, қосылған күні және рейтингі бойынша іріктеуге болады. Әр автордың өзіне арналған жеке бет қарастырылған. Мұнда автордың өмірбаяны, кітаптары, аудиокітаптары, шығармаларындағы кейіпкерлер, автор туралы жарық көрген мақалалар мен автордың сұхбаттары мен өз мақалалары, видеосы және суреттері топтастырылған. Автордың жеке беті бірегей энциклопедия қызметін атқарады.

«Әдеби порталда мультипликациялық эффект те қарастырылған. Қазірдің өзінде шамамен 11 млн отандасымыз күн сайын ғаламторға кіреді. Аталмыш портал заманауи мүмкіндіктердің көмегімен қазіргі авторлардың қазақ тіліндегі кітаптарын оқуға мүмкіндік береді», - деді төраға.

Сонымен қатар, порталда қазақ мәдениетімен танысуға да жағдай жасалған.




Яндекс.Метрика