Парламент

Мәжіліс «Жол жүру туралы» заң жобасын мақұлдады

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс «Жол жүрісі туралы» туралы заң жобасын, ілеспе түзетулермен екінші оқылымда мақұлдады, деп Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы25 Желтоксан , 12:45

«Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Рамазан Сәрпеков басқаратын жұмыс тобы жалпы отырысқа дейін мүдделі министрліктер мен құрылым  және мемлекеттік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен 40 отырыс өткізген», - делінген хабарламада.

Мәжіліс депутаттары көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына қырық километрден асатын шамаға арттырғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жазаны отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға ауыстырды.

Жүргізушінің көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін жауаптылық қатаңдатылды.

 




Яндекс.Метрика