«Заң жобасы екінші деңгейдегі банктерді қайта құрылымдау мәселелеріне қатысты Заңды жетілдіруге бағытталады», - делінген хабарламада.
««Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңда қосылу нысанында бағалы қағаздармен айырбас жасау мәмілелерін тіркеу, егер осы жолмен қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі қайта құрылымдаудан өткен болса, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңға тәуелді актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асатыны туралы норманы көздеу ұсынылады», - деді ол.
«Әрбір кепілдік ұстаушының кепілдікті ауыстыруға немесе тыйым салуды тоқтатуға келісімін алу іс жүзінде мүмкін еместігіне байланысты, ауыстыруды кепілдік ұстаушының келісімінсіз жүргізу ұсынылады, бірақ қосылатын банк акцияларын кепілдікте ұстаушылардың пайдасына автоматты түрде ауыртпалық сала отырып, сондай-ақ ұқсас жолмен тыйым салынған акцияларға қатысты мәселені шешу ұсынылады»,-деп түсіндірді Ерболат Досаев.