Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері - әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік

Ақмола облысында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне пәтер кілттері табысталды

Ақмола облысының Ақкөл қаласында кезекте тұрған 45 адам жаңа пәтерге қол жеткізді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола25 Желтоксан , 11:00

«Жаңа қоныс иелері – бұрынғы балалар үйінің тәрбиеленушілері. Ертеректе Ақмола облысы Бурабай ауданында 33 түлек жаңа пәтер иесі атанған болатын», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, келешекте Ақкөл ауданында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын іске асыру аясында тағы да көппәтерлі үй қолданысқа берілмек. Келесі әлеуметтік жоба –  екі көппәтерлі үй мен 18 пәтерлі жас отбасыларына арналған пәтер.

Сонымен қатар, заманауи емхана мен типтік балалар үйін салу құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

2014 жылы ауданда жүзу хауызының құрылысы аяқталмақ.




Яндекс.Метрика