Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту

ҚР әскери сарапшылары Бірлескен бақылау тобының кезекті сессиясына қатысты

Пекинде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері Шекара ауданында әскери саладағы сенімді нығайту туралы және Шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы «Шанхай» және «Мәскеу» келісімдерін орындау жөніндегі Бірлескен бақылау тобының кезекті сессиясына қатысты, деп Ақорданың баспсөз қызметі хабарлады.
Әлемде25 Желтоксан , 10:33

«Осы халықаралық кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Қытай әскери-дипломатиялық өкілдері қатысты», - делінген хабарламада.

Тараптар «Шанхай» және «Мәскеу» Келісімдері ережелерін орындау барысын, 2013 жылғы инспекциялық қызметтің қорытындысын талдады.

Сондай-ақ 2014 жылға арналған инспекциялық қызмет жоспары келісіліп, бекітілді, Келісімдерге қатысушы мемлекеттер арасындағы ақпараттық байланыс желісінің жұмысы мәселелері, Тараптардың инспекциялық топтарына арналған кіру және шығу шекара пункттерінің тізбесі қаралды.

 

 

 




Яндекс.Метрика