Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

«БЖК-2020» аясында Қостанай облысында 2013 жылы 75 жоба мақұлданды

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру аясында Қостанай облысында 2013 жылы жеке кәсіпкерлікке қолдау көрсету мақсатында 1,47 млрд теңгеге мақсатты ағымдағы трансферт бөлінді, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.
Қостанай25 Желтоксан , 10:01

«2013 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша бағдарлама аясында 25,7 млрд теңгелік 75 жоба мақұлданған», - делінген хабарламада.

Бағдарламаның бірінші бағыты «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бойынша жобаны іске асыру үшін банк несиелерінің үстемесін субсидиялау мақсатында 19,2 млрд теңгелік 49 несие қаралып, мақұлданған.

Ал екінші деңгейлі банктердің пайыздық өсімін кепілдендіруге берілген 293,9 млн теңгенің 14 өтініші мақұлданған.

Бағдарламаның үшінші бағыты «Кәсіпкерліктердің валюталық тәуекелдерін азайту» бойынша 6,1 млрд теңгелік 12 жоба мақұлданды.

2013 жылы өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамытуға 611,1 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар, бағдарламаның төртінші бағыты «Кәсіпкерлік потенциялды арттыруды» жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен, «Назарбаев Университетінде» биылғы жылдың сәуір және маусым айлары аралығында облыстардан 22 кәсіпкер оқытылды.




Яндекс.Метрика